0 комментариев

Аққаңбақ түсті аллохруза қай жерлерде кездеседі ? Олар қалай өседі ?  Аққаңбақ түсті аллохрузаны қандай өнеркәсіпте қолданады ? Олар қай қорықтарда қорғалады ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Аққаңбақ түсті аллохрузасы қалампыр тұқымдасына жатады. Жылдан-жылға  саны қатты қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Батыс Тянь-Шань мен Памир-Алай эндемигі. Біздің елімізде Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы таулар мен тау етектерінде кездеседі. Шөлді, шөлейтті және саванналы жерлерде тау етегі жазықтығынан орташа тау белдеуіне дейін өседі. Бұтақтанған, дерлік шар тәрізді ұсақ ақ гүлдердің селдір жиынтығы өте әдемі.

Түр тіршілігінің өте ұзақтығымен (200 жылға дейін) және салмағы 2-3 кг-ға жететін, негізгі жуан тамырымен ерекшеленеді. Құрамыңда салонин (25% шамасыңда) бар, ол кең түрде қолданылады. Азық-түлік өнеркәсібінде халуа дайындау, тоқыма өнеркәсібінде маталарды ағарту, аң терісі өнеркәсібінде өңсіздендіру жәңе теріні жарқырату үшін пайдаланады. Аллохрузаны Орта Азияда 1927 жылдан бері даярлайды. “Түркістан сабынды тамыры” деген атпен көп мөлшерде шетелге жіберіледі. 1960 жылдардың басында Қазақстанда жылына 700-800 тамыр дайындалатын.

Осының әсерінен азайып, кей жерлерде тіпті жойылып та кетті. Кейбір мамандардың айтуына қарағанда, соңғы 20 жылда Оңтүстік Қазақстан облысында аллохруза қоры қалпына келді және енді ішінара даярлауға болады деп есептейді. Дегенмен сабынды тамырды мәдени түрде өсіруді жаңғырту керек. 40 жыл бұрын оны Қазақстан мен Өзбекстанда өсіріп байқаған. Табиғаттан қазып алынғанға қарағанда, 4 жылдық мәдени өсіру арзан шикізат беретіні анықталды. Популяциясының біразы Ақсу-Жабағылы және Қаратау қорықтарында қорғалады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий