0 комментариев

Талас бәрпісі қай жерлерде кездеседі ? Ол қай жерлерде өседі ? Оның құрамында нелер бар ?Талас бәрпісі қандай мақсатта қолданылады ? Ол қай қорықта қорғалады ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Талас бәрпісі сарғалдақтар тұқымдасына жатады. Қазақстанда сирек кездесетін, саны қысқарып бара жатқан түр. Тек Батыс Тянь-Шаньда (Талас және Угам жоталары, Қырғыз Алатауының батыс бөжгі) кездеседі. Өзен жағалауларында, аршалы ормандарда және шалғынды алаңқайларда, көбіне субальпі белдеуінде еседі. Үш-торт біріккен түйнек тізбегінен тұратын кішілеу тамырсабағы мен биік сабағындағы көптеген көгілдір гүлдерімен ерекшеленеді.

Туыстың басқа өкілдері сияқты құрамында улы заттар — алколоидтар бар. Бірақ көпке танымал “ыстықкөл тамырына” қарағанда, олардың химиялық құрамы басқа және аконитпен уланғанда уға қарсы дәрі ретінде пайдаланады. Халық медицинасында қолданылады. Дәрілік шикізат ретінде тамырын көп жинау әсерінен саны азайып отыр. Ақсу-Жабағылы қорығында қорғалады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий