0 комментариев

Таңдамалы шоқпарбас қай жерлерде кездеседі ? Олар қалай көбейеді ? Оның құрамында не бар ? қандай мақсатта қолданылады ?  Қай қорықта қорғалады ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Қазақстанда өте сирек кездесетін түр. Тек Алтай, Жоңғар Алатауы тауларында және Қазақ шоқыларының бір жерінде (Бурабайда) кездеседі. Қазақстан жерінен тыс Еуразияның орманды аймақтарында (Сахалинге дейін), Солтүстік және Оңтүстік Америка, Австралия және Жаңа Зеландияда кең таралған, Ылғалды мүк басқан шатқалдарда, шөгінді тастар арасында, биік таулы тасты тундраларда, сирек орманды белдеудің жоғарғы бөлігінде өседі.

Көпжылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдік, споралар арқылы және жоғарғы жапырақ қындарында орналасқан өскін бүршіктер арқылы көбейеді. Дәрілік өсімдік ретінде дайындалады, құрамында жансыздандыратын қасиеті бар улы селагин алкалоиды бар. Саны барлық жерде төмен, тіршілік ету жағдайының өзгеруіне байланысты азайып отыр. Мәдени өсіруге төзімсіз, тек Алтай ботаника бағында (Риддер қаласы) өсіріледі. Марқакөл және Батыс Алтай қорықтарында, сонымен қатар Бурабай ұлттық паркінде (Синюха тауы) қорғалады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий