0 комментариев

Қазіргі уақытта еліміздегі демография яғни халқымыздың санының аздығы бәрімізге мәлім. Соның ең ауқымды себептерінің бірі репрессия кезеңдері. Бұл репрессия  неше кезеңге бөлінді ? Әр бөлімдегі репрессия қалай жүзеге асырылды ? Осының салдарынан қанша миллионға жуық адам шығыны болды ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да тың  ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Қазақстанда репрессия кезеңі үш кезең бойынша жүрді. Бірінші кезең байлар мүлкін тәркілеу, жер аударту, қуғын-сүргінге ұшырату 1928 жылдан басталды. Мұрағаттық мәліметтерге жүгінсек, 1928 жылы 2 миллионға жуық бай шаруалар мүлкі тәркіленіп, жер аударылған. Мал-мүлкі тәркіленген бай ел-жұртынан жер аударылып, қуғынға салынып, оларды қайта еліне оралтпау жайлары қатты қадағаланған. Осы себептен қазақ еліне жаппай аштық науқаны келіп, 2 миллионға жуық адамның өліміне себеп болған.

Екінші кезең жалпы қырғынға ұшырату кезеңі болды. Бұл 1937-38 жылдары бухариншіл сатқындар мен герман-жапон шпиондарына қарсы күрес деген желеумен өтті. Осы жылдары елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Сейфуллин және қарапайым жұмысшы шаруалар да қырғынға ұшырады.

Сталиндік революцияға қарсы үгіт-насихат жүргізді деген жаламен 4 миллионға жуық адам ату мен басқа да түрлі жазаға тартылған.

Ал үшінші кезең соғыстан соңғы 1945-1953 жылдары болды. Бұл кезеңде 1940-1945 жылдары фашист басқыншыларынан Отанын қорғау мақсатында небір жанкештілікке барған азаматтар соғыстан соң 10 жылдан 25 жылға дейінгі негізсіз бас бостандығынан айырылуға мәжбүр болды. Осы үш кезең қазақ халқының санының едәуір азаюына үлкен себеп болды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий