0 комментариев

1917 ж аймақтық құрылымдар тарапынан не үшін халыққа күш көрсету басталды ? РКП (б) Орталық Комитеті сол жылы күзде қандай әрекетімен есте қалды ? 1918 жылы 28 маусымдағы “Ірі кәсіпорындарды мемлекет мүлкіне айналдыру туралы” декретте не айтылды ? “Құқықтық мемлекет туралы” ой білдіруге неліктен тиым салынды ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

1917 жылдың желтоқсанында ВЧК және оның аймақтық құрылымдары тарапынан халыққа күш көрсету байқалды. Себеп – билік басына келген жаңа өкіметке қарсы тұруы. 1918 жылы қаңтарда Киев большевиктердің бақылауында болған кезде орыс офицерлері 200-300-ден қатарға тұрғызылып, пулеметпен атылған. Бұл тарихта “Кеңес өкіметінің салтанатты шеруі” деген атпен тарихта қалды.

Мұнан кейін РКП (б) Орталық Комитеті сол жылы күзде: “Бұрын қай жерде, қай уақытта болғандығына қарамастан Оңтүстік майданда, нағыз сатқындар мен большевиктер ғана емес, барлық қорқақтарға, бас сауғалаушыларға, салғырттық байқатушыларға және ымырашыларға қарсы тап қазір қызыл террор жүргізуге міндеттіміз”, – деп жарлық шығарды. Азық-түлік отрядтары ауыл-селоны күштеп тонай бастады. Бұған шаруалар “Азық-түлік салғырты” деген себеппен наразылық білдірді. Осыған орай оларды ВЧК-нің қарулы топтары мен тұрақты әскерлер аямай ұрып-соқты.

1918 жылы 28 маусымдағы “Ірі кәсіпорындарды мемлекет мүлкіне айналдыру туралы” декретті көрсете отырып, “егер қызметшілер өз бетімен жұмыстан кетіп қалса немесе саботаж жасаса кінәлілер революциялық сотқа тартылады” деп қоқан-лоққы көрсетеді. Ал көлік саласындағыларға 1919 жылы 10 қазандағы РКО Советінің “қылмыс жасаған жерінде ұсталғандар жаза есебінде атылады, ал басқа осындай қылмыс жасады деген күдікті адамдар, сол жерде қолға түспесе де, соғыс уақытының заңымен 24 сағатта сотталуы тиіс” делінді.

Қарапайым шаруалар ғана емес, жергілікті басшылар да түрлі қуғынға ұшырады. 1919 жылы 15 ақпанда Қорғаныс Советінің темір жол бойын қардан тазалау жөніндегі қаулысында осы жұмыс ойдағыдай жүргізілмей жатқан жерлердегі атқару комитеті мен кедейлер комитетінің бірнеше мүшесін дереу тұтқындау қажеттігі айтылған. Мұнда одан әрі: “В тех же местностях взять заложников из крестьян с тем, что, если расчистка снега не будет произведена, они будут ресстреляны”, – делінген. Сол жылы сәуірде аталған мәселе бойынша тағы бір құжатқа В.И. Ленин (қар тазалау жөнінде) бұрыштама жазып: “Не арестовать ли по 1-2 члена каждого исполкома?”- деп Ф.Дзержинскийге сұрақ қояды. Осыған орай қаулы да қабылданған. 1918 жылы 21 ақпанда “Социалистік отанға қауіп төнді” деген совнарком қаулысының 8-бабында “дұшпан агенттері, алыпсатарлар, баукеспелер, бұзақылар, контрреволюциялық үгітшілер, герман тыңшылары қылмыс жасаған жерінде қолма-қол атылады” деп атап көрсетілген.

Н.И. Бухарин 1920 жылы: “Адамдарды атудан бастап, оларды зорлап жұмыс істетуге дейінгі пролетарлық еріксіз көндірудің барлық түрлері, қанша оғаш естілсе де, капиталистік дәуірдегі адам материалынан коммунистік адамзатты қалыптастырудың әдісі саналады”, – деді. Аталмыш мәселеге ВКП (б) Орталық Комитетінің хатшысы, Саяси бюро мүшелігіне кандидат Л.М.Каганович 1929 жылы 4 қарашада заңгерлер алдында сөйлеген сөзінде: “Біз құқықтық мемлекет деген ұғымды қабылдамаймыз. Өзін марксиспін деп есептейтін жан құқықтық мемлекет туралы әңгіме айтса, “құқықтық мемлекет” деген ұғымның совет еліне қатысы бар десе, ол … мемлекет туралы маркстік-лениндік ілімнен ауытқыған адам саналады”, – саяси түсінік берді. Осы сөзден соң құқықтық мемлекет туралы ой білдіруге тыйым салынды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий