0 комментариев

1932 жылы И.В.Сталиннің нұсқауы бойынша 7 тамызда қандай қаулы қабылданды ? 1934 жылы 8 маусымда тағы қандай заңдар енгізілді ? Қылмыстық атқару кодексіне не үшін өзгертулер енгізілген ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да тың  ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

1927 жылы ЦИК диверсиямен, өрт салушылармен, машина қондырғыларын қиратушылармен күресті күшейту жөнінде қаулы қабылданды. Қылмысты істерді сот емес, ОГПУ қарап, ату жазасын қолдануға дейінгі құқыққа ие болды.

1932 жылы И.В.Сталиннің нұсқауы бойынша 7 тамызда ЦИК пен Совнарком “мемлекеттік кәсіпорын, колхоз, кооперация мүліктерін қорғау және қоғамдық меншікті нығайту туралы” қаулы қабылданды. Осыған сәйкес “ұрланды” деген заттың түрі мен құнына қарамастан ұсталғандар атылатын болды. Егер кінәні жұмсартуға болады-ау деген себеп табылса, 10 жылға сотталуы мүмкін. Яғни, ату жазасына немесе 10 жыл түрмеде отыру талабы болды.

1934 жылы 8 маусымда осы заңға өзгертулер енгізілді. “Егер әскери қызметші қашатын болса немесе шет елге ұшып кетсе, кәмелетке толған отбасы мүшелері әлде оның қарауында болған басқа да адамдар түгелдей сайлауға дауыс беру құқығынан айырылады және 5 жыл Сібірге жер аударылады”.

С.М.Кировтың өлтірілгендігі жөніндегі хабар белгілі болған соң Сталиннің бұйрығымен ЦИК шұғыл түрде қаулы қабылдады: “Қылмыстық атқару кодексіне өзгертулер енгізілді. Қаулы бойынша 1) істі қарау 10 күннен аспау керек; 2)айыптау қорытындысы айыпкерге сот болардан бір-ақ күн беріледі; 3) іске авдокат қатыспайды; 4) айыпкерден кешірім жасау не басқа өтініш қабылданбайды; 5) ату жазасы жөніндегі үкім хабарланысымен қолма-қол орындалады. Егер қылмыстық іс осы заңға қатысы бар деп есептесе, айыпкердің тірі қалуы екіталай болған.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий