0 комментариев

Заң жүзінде репрессия кезінде жазалаудың қандай әдістер қолданылды? Олардың бірінен  қандай айырмашылығы болды ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да тың ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

“Тергеу конвеері”. 1920 жылдардан бастап қолданылған әдіс. Тергеушілер бірін-бірі ауыстырып жауап алуды тәулік бойы жүргізген. Мақсаты – айыпталушыны ұйықтатпау, әбден шаршатып, қалжырату. Осылайша жазалауға негіз болар “фактілер” жинау. Мысалы, Сәкен Сейфуллиннің қылмыстық ісінде одан таңғы 6-да жауап алғандығы жөнінде дерек бар. Яғни, Сәкенмен тергеушілер “сұхбаты” күндіз-түні болған.

“Үштік”. 1937 жылы бәрі түрмеге қамала бастаған сәтте сот қызметкерлері қылмыстық істерді қарауға үлгере алмайтын болды. Осыған байланысты енді әр облыста “үштік” құрылды: обком хатшысы, НКВД бастығы, облыстық прокурор. Бұл “үштік” өзара кез келген мәселені сырттай қабылдай алатын болды.

Өлім жазасы.1918 жылы 24 қаңтарда Төтенше комиссия соттың шешімін күтпей, қылмысқа қатысы бар деген айыпкерді атып жіберді. Негізі өлім жазасы туралы “сот” шешімі Жоғарғы ревтрибуналдың үкімі бойынша 21 маусымда жүзеге асырылды. Ол “”Контрреволюция жасағаны үшін” құрбандыққа шалынған Балтық флотының командирі адмирал Алексей Шастной еді

Изменен статус публикации
Добавить комментарий