0 комментариев

Қай жылы өлім жазасы жойылды ? Оның орнына қандай жаза қолданылды ? Бұл жазаға кімдер ілікті ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да тың деректерді kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

1947 жылы мамырда өлім жазасы жойылып, орнына 25 жылдық тұтқындау мерзімі енгізілді. Осы жылы сәуір айында Алматыда әскери сот “Түркістан легионына” қатысты деп айыпталған біраз адамды ату жазасына кескен еді. Бұл үкім мамыр айындағы үкімет шешімімен өзгертіліп, Мұстафа Шоқайдың ізбасарлары ұзақ мерзімге итжеккенге жіберілді. Ал 1950 жылы “еңбекшілердің өтініші бойынша”  құжат “отанын сатқандар, тыңшылар және қопарғыш диверсанттар” қылмыстары дәлелденсе, жарық дүниемен қош айтысатын болды.

Сталиннің жеке басына табынушылықтың зардаптары ашықтан ашық сөз болған соң 1960 жылы репрессия тоқтатылды.

Н.С.Хрущевтің мәліметінше, 1921 жылдан 1954 жылға дейін совет елінде “контрреволюциялық қылмыс” үшін кемінде 642 мың адам шейіт болған. 1980 жылдардың соңында дүниежүзіндегі өлім жазасына кесілгендердің үштен бірі СССР-дің үлесіне тиіпті. Ал 1962-1990 жылдар аралығында 22 мыңнан аса адам атылып кеткен.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий