0 комментариев

Репрессия туралы ресми деректерді kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Алматыда 1937 жылы 700, 1938 жылы 980 адам атылған. Кешкісін сағат 10-да атылып, таңертеңгілік қаладан шығарылып тасталған. Ең қауырт уақыт – қыс пен көктем. Ақпанда мемлекеттік қауіпсіздік комиссары Реденстің “рұқсат етемін” қарарымен күніне 37-39 адам атылған. Ал наурызда 53-54 адамға дейін жеткен.

Алматыда адамдар Дзержинский (қазіргі Наурызбай батыр) көшесіндегі КГБ подвалында, БАК-та (Үлкен Алматы көлінде), тау бөктерлерінде, қазіргі МАИ (республикалық автоинспекция), бұрынғы партия мектебі (Достық-Абай даңғылы қиылысындағы КИМЭП ғимараты) орнында атылды. Күзде атылған өліктер көктем туа су тасқынымен арықтардың бойында жүзіп жүрді. НКВД адамдары оларды жинап алып, Жаңалық ауылына апарып, асығыс-үсігіс көме салды.

1930-1950 жылдар арасында республикамызда 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. 1988-1995 жылдар аралығында бүкілі дерлік ақталып шықты. Ақтөбе облыстық прокуратура органдары 8181 адамға қатысты ашылған 5156 мұрағаттық қылмыстық істерді зерттеп, олар бойынша 7521 жазықсыз жала жабылғандарды ақтады.  Сондай-ақ, 2781 арнайы қоныстанушыларға қатысты құжаттар қаралып, қаралау қорытындысымен 1764 адам ақталды.

“Атылсын” деп үкім шығарылған жазықсыз жандарға тағылған басты екі айып болған: біріншісі – Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді, екіншісі – контрреволюциялық ұйымдарға араласты.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий