0 комментариев

Репрессия кезіндегі Қостанай облысындағы деректерді kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Сол кездегі басылымдардың жазуынша, 1937-39 жылдары облыстық партия ұйымының бес басшысы айыпталған. 1937 жылы күзде КСРО өкіметі Қостанай облысының аумағына кәрістер мен поляктарды күштеп жер аудару жайында бірнеше қаулы қабылдады. Ресми деректер бойынша, Қостанай облысының аумағында 1937-1956 жылдары 25 ұлт өкілдерін қамтыған 76406 арнайы қоныстанушылар мен 12278 жер аударылғандар болды. 1938 жылы әрбір төртінші қостанайлық қуғындалып отырған.

Облыстық әдебиет бөлімінің есебі бойынша, цензорлар күмәнданған әдебиеттерді тартып алу шаралары 1936 жылдың басынан басталған. 1938 жылы 57 мың дана кітап тартып алынды. Мұны Семиозер аудандық кітапханасынан байқауға болады. 1925 жылы кітапханада 3283 кітап болса, 1930 жылдың соңында 230 ғана кітап қалған. Кітап қорының азаюы облыстық оқу-ағарту ісіне, әсіресе ересектердің арасында сауатсызды жоюға кері әсер етті.

Алаш өкілдері жазған кітаптардың орнына кеңес үкіметінің органдары Коммунистік партия идеяларына шын берілген адамдардың шығармаларын ғана ұсынды. НКВД түрмесінде азап шеккен Сәкен Сейфуллин қаза табар алдында былай деп жазған: “Өлім алдында өзімді менің Кеңес Отанымның ең адал мүшелерінің бірі болдым деп мәлімдеймін”.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий