0 комментариев

“Тарихи Рашиди” еңбегінің авторы кім ? Бұл кітапта қандай мәліметтер жазылған ?Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

«Тарих и Рашиди» Хайдар Дулатидың есімін әлемге мәшһұр еткен ең басты шығармасы. Бұл еңбегінде ғалым 15-16 ғ қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан аймағында болған аса маңызды тарихи оқиғалар туралы жазды. Сондай-ақ Ауғанстан, Тибет, Үнді елдерінде орын алған кейбір саяси, мәдени, әлеуметтік оқиғалар да қамтылған. Ғалым сол елдерді мекен еткен ру-тайпалардың, халықтардың тарихын, қоғамдық әлеуметтік өмірін, мәдениетін, салт-санасын зор білгірлікпен жазып қалдырған. Бұл еңбектің ең құнарлығы –Хайдар Дулати өз көзімен көрген аса маңызды оқиғаларды өзінен бұрынғы және өзі өмір сүріп отырған дәуірдегі тарихи құбылыстармен шебер түрде байланыстыра отырып баяндады.

«Тарих и Рашиди» – қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Шығыс Түркістан, Ауғанстан, Үндістан, Тибет елдерінің XV-XVI ғ тарихын, географиясын, әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші ғалымдар үшін аса құнды, таптырмас деректер көзі болып табылады. Қазақ тарихы, Дулатидың айтуы бойынша, Моғолстан мемлекетінің өмірге келуімен тікелей байланысты. Моғолстан – шығысында Ертіспен, Солтүстігінде Балхаш көлімен, батысында – Түркістан және Ташкент шаһарлары мен оңтүстігінде Қашқариямен шектесіп жатқан ұлан-қайыр мемлекет еді. Сонау XIV ғ. ІІ жартысында Моғолстанның алғашқы хандары Тоғылық Темірмен Ілияс Қожа Мауеренахрды өзіне қарату үшін бірқатар соғыстар жүргізді. Бертін келе осы мемлекетке қарасты, Жетісу жерінің билік әрбір Каларрадинге көшті. Бұл кезде орта Азияның билеушісі Әмір Темір Моғолстанның қайта-қайта шабуыл ұйымдастыруымен болды. Моғолстанның билеушілері Әмір Каларрадин дулат, Еңкі төре, Қызыр Қожа хан және Ақорда билеушісі Тоқтамыс хан бас қосып, Әмір Темірге қарсы шықты.

XV ғ. ІІ жартысында мемлекеттің ішкі қолбасшылары күшейіп қазақтың көптеген ру-тайпаларын, Дешті Қыпшақты тастап шықты. Олар енді Жетісуға қоныс аударды. Моғолстан ханы Есбұға Керей мен Жәнібекті құшақ жая қарсы алып, Шу өзені, қарату маңайынан қоныс берді. Ал Жәнібек пен Керей бұл кезде қазақ хандығын құрды. Сөйтіп, Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди», еңбегінде қазақтың алғашқы хандары және олардың көрші мемлекетпен қарым – қатынасы кең көлемде сөз болады.

Х. Дулати қазақ халқының этникалық құрамына енген ру-тайпалар жайында тарихта сан рет қанды қақтығыстарға соқтығысып жүргенін ел ішіндегі алауыздықты сыртқы жаулар қалай пайдаланып кеткенін нақты деректер негізінде әңгімелейді.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий