0 комментариев

Сүлеймен Бақырғани дегеніміз кім ?  Оның қандай еңбектері бар ? Олардың мазмұны қандай ? Сүлеймен Бақырғани кімнің шәкірті болған ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Сүлеймен Бақырғани да өзінің гуманистік бағыттағы ой – түйіндерін ислам діні қағидалары тұрғысынан түсіндіруге әрекет жасайды. Ал біз соңғы кезге дейін дін атаулыға сыңаржақ қарап, оның адамды ізгі қасиеттерге үндейтін ілгерішіл ролін теріске шығарып келдік. Сол себепті Сүлеймен Бақырғани өлеңдері де күні бүгінге дейін зерттелмей, жарияланбай келеді. Бертін келе Бақырғани жыр-жинаған “Бақырғани кітабы” деп атайды. Бұл жинақтағы өлеңдер өзінің тақырыбы, мазмұны, құрылысы жағынан Ахмет Яссауидің “Даналық кітабына” ұқсас болып келеді.

Бақырғани өлеңдері кезінде ел арасында ауызша да мейлінше кең тараған. Әсіресе оны ел аралаған дәруіштер көп айтатын болған. Бертін келе Бақырғани жырлары ел аузынан жиналып, 1877 жылы Қазанда жеке кітап болып басылып шығады.

Сүлеймен Бақырғанидің “Ақыр заман кітабы” және “Бибі Мариям кітабы” деп аталатын екі дастаны бар. Олар негізінен діни аңыз-әңгімелер сюжетіне құрылған. Сопылық – мистикалық ой-пікірлерді уағыздайды. Сонымен бірге, бұл дастандарда оқырманды ізгі қасиеттерге үндеу сарыны да бар.

Ахмет Яссауидің ең танымал болған дарынды шәкірттерінің бірі Сүлеймен Бақырғани еді. Ақынның туған жылы белгісіз, 1186 жылы қайтыс болған. Оны жұрт Хакім ата деп атаған

Изменен статус публикации
Добавить комментарий