0 комментариев

Кобальт табиғатта тұрақты неше изотоптан тұрады ? Осының жартылай ыдырауына қанша уақыт керек ? Ауыл шаруашылығымен медицинада қандай мақсатта қолданылады ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Кобальт. Шығыс Қазақстандағы кобальттың нағыз кен орындары Кенді Алтайда, және Шар ауданының аумағында шоғырланған. Ол көп нәрсе никельмен бірге кездеседі, сондықтан да никель кендерінің құрамында кобальт болса, оны никелді кобальт деп атайды. Сондықтан никель өндіретін заводтардан олардың мүмкіндігіне сәйкес кобальт та алынады.

Кобальт табиғатта тұрақты бір изотоптан тұрады. Жасанды изотоптарының ішіндегі маңыздысы кобальт 60 болып саналады. Оның жартылай ыдырауы 5-27 жылға созылады. Оның бұл қасиетін атом техникасында және басқа орындарда гамма сәулесін шығарушы көз есебінде пайдаланылады. Кобальт араласқан металдар қосындысы ыстыққа төзімді әрі берік, сондықтанда оны қара металлургияда, ауыр машина өндірістерінде кеңінен пайдаланылады.

Кобальтың үгінділері катализатор ретінде, фторлы кобальт бояуы ретінде, шыны және керамика өндірістерінде, ал кобальтты тұздар ауыл шаруашылығында микро тыңайтқыш түрінде пайдаланылады. Жасанды кобальт-60 бұл күнде медицинада қатерлі ісіктерге қарсы сәуле терапиясын жүргізуге және медициналық құралдарды стерилизациялау үшін кен түрде пайдаланылады. Онымен қатар тұқымдық дақылдардағы зақымды жәндіктерді құртуға және тағамды консервілеу үшін де қажет. Табиғатта кобальттың отыз шақты өзіне тән минералдары бар, ал жүзден астам минералдарда жоғары мөлшерде кездеседі.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий