0 комментариев

Табиғи ванадий қай жерде өндіріледі ? Ол неше изотоптан тұрады ? Қара металлургия өндірісінде қандай мақсатта қолданылады ? Табиғи ванадий қай салаларда кеңінен қолданылады ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Табиғи ванадий. Шығыс Қазақстандағы ванадийдің кен орындары Шыңғыстауда шоғырланған. Ол екі изотоп қосындысынан тұрады.

Ванадийді Қара металлургия өндірісінде темірдің сапасын арттыратын легирлеуші металл ретінде пайдаланды. Әсіресе шапшаң кесетін болат құрамына кіреді. 0,15-0,25% шамасында ванадий араласқан болаттың беріктігі, тұтқырлығы және төзімділігі артады. Ванадий таза түрінде атом энергетикасында және электрон приборлар жасау үшін қолданылады.

Ванадий қосындылары химия өндірістерінде катализатор ретінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, тоқыма бояуларында, фото және кино шығаруда кең пайдаланылады. Ванадий қосындылары улы келеді, ол тыныс алу мүшелеріне зақым келтіріп, өкпені қабындырады, бас айналдырады, жүрек пен бүйректің қызметін бұзады. Міне сондықтанда ванадий өндіретін және оның қоспаларын пайдаланатын өндіріс салаларында жұмыста сақ болған жөн.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий