0 комментариев

Зырян полиметалл кен орнын ең алғаш кім ашқан ?  Қай жылдан бастап жұмыс жүргізілді?

Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Зырян полиметалл кен орны. Бұл кен орнын XVІІ ғасырдың бас кезінде Григорий Зырянов тайгада аң аулап жүріп ашқан екен. Осыған орай бір кезде «Ұлы мәртебелі иенің» жеке меншігі деп аталған бұл кен орнында 1791 жылы барлау жұмысы жүргізіліп, 1902 жылға дейін оның үстінгі қабаттарындағы тотыққан аймақтардан қорғасын, мыс, алтын, күміс өндірілген. 1902-1930 жылдар аралығында бұл кен орны ағылшын концессионерлерінің қарамағында болып, оның советтік даму дәуірі тек қана 1931 жылдан басталған.

Қазіргі Зырян кен орны бірнеше кен көздерінен тұрады, олар орта девон дәуірінде пайда болған вулканды қышқыл жыныстармен алмаса араласып жатқан әр түрлі тақта тастар, құм тастар, туфтар және туфиттер арасына қалыптасқан көп қабатты руда жыныстары болып келеді. Руда жыныстары жер бетінен 800-900 метр тереңдікке дейін, кейбіреулері онан да тереңірек жатыр.

Зырян кен онындары рудалар түгелдей өзгерген тау жыныстарының (серицитты тақта тастар және микро-кварциттер) арасында ғана кездеседі.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий