0 комментариев

Полиметалл қай жерде көп кездеседі ? Оның құрамына не кіреді ? Полиметаллды қандай заттар алынады осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Кенді Алтай полиметалл кен орындарына бай. Оның құрамына қорғасын, мырш мыс алтын басқа да сирек және шашыранды металдардың минералдары кіреді. Соның ішінде кең таралғаны қорғасын мен мырыш. Шығыс Қазақстанда полиметалл кенін өндірістік жолмен өндіру Ақшатау, , Лениногор, Зырян, Ертіс, комбинаттарында жүргізіледі. Полиметалға әсіресе Кенді Алтай өте бай. Үлкен Алтай деп аталатын аймаққа Қорғасын-мырыш, алтын-күміс, қалайы кендері Қалба, Нарым, , Сауыр және Тарбағатай тау сілемдерінде де кең тараған жатады. Осы өңірдің қойнауындағы байлықты ашуға белгілі ғалым, профессор В.П. Нехорошев көп еңбегін сіңірді. Ол Кенді Алтайдың пайдалы қазбаларының қалыптасу заңдылықтарын, орналасу ерекшеліктерін ашты.

Кенді  белдеулер ішіндегі ең ірісі Кенді Алтай, оның ені 50, ұзындығы 500 шақырым шамасында. Осы белдеу бойында бір-біріне жалғаса көгілдірлеу, сұрғылт түсті, жұмсақ және ауыр металл.

Өндірістің дамуына байланысты қорғасыннан аккумуляторлар, аппараттар дайындалған. Мұндай апараттар өте әсерлі газдармен сұйық заттар шығару үшін қолданылған. Қорғасын радиоактивті сәулені өткізбейді. Сондықтанда оған радиоактивті элементтер сақталатын сауыттар, контейнерлер, ренген апараттарының гамма сәулесінің қуаты әсерінен сақтайтын бұйымдары әзірленген. Мыстың, қорғасынның және мырыштың қосындылары техника салаларында кен түрде пайдаланып отыр.

Облыс аумағындағы маңызды полиметалл кен орындарының қатарына Тишин, Сокольоне, Никалаев Зырян, Риддер, Жаңа Лениногор, , Локтев, Золотоухин, , Березов, Белоусов сияқты кен орындары жатады Олар Өскемен Риддер қорғасын-мырыш комбинатын кенмен қамтамасыз етеді.

Қазірдің өзінде Алтай өңірінде жетпістен астам пайдалы қазба кендері анықталып отыр, олар тоғыз жүзге жуық кен орындары шоғырланған. Солардың арасында полиметалл, түсті металдан басқа асыл және сирек металдар, әр түрлі құрылыс материалдары (мәрмәр, әк тас, балшықтар т.б.), отқа төзімді шикі зат кен орындары кездеседі.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий