0 комментариев

Риддер полиметалл кен орны қашан ашылған ? Ол қай қабаттарда қалыптасқан ?  Бұл жыныстар микро кварциттерге қалай айналды ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Риддер полиметалл кен орны 1784 жылы ашылған. Кен қабаттары Риддер, Сокольный, Крюков және Ильинск құрылымдары бойындағы алаңдарда қалыптасқан. Кен жатқан ортадағы вулканды жыныстар құрамында қышқылды минералдар (кварц т.б.) тобы басым, герцин кен түзілу кезеңінің соңындағы вулкан атқылау үрдісімен тығыз байланысты пайда болған газды-сулы ерітінділердің әсерінен бұл жыныстар тек қана кремнеземнен (шақпақ тас) тұратын микро кварциттерге айналып кеткен.

Осы микро кварциттер бойына тереңнен көтерілген өте бай металл ерітінділерінен тұратын гидротермальды шөгінділерден осы күнгі кендер түзген. Лениногор кенді алаңында Риддер және Сокольный сияқты ірі кен орындары мен бірге Крюков, Филиппов, Өспен, Ильинск сияқты аумағы шағындау кен орындары да бар. Бұлардың бәрінен де полиметалл рудалары шығады. Риддер және Сокольный кен орындарындағы негізгі қабаттар полиметалл кендері бар микро кварциттерден тұрады.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий