0 комментариев

Алтынның физикалық қасиеттері қандай ? Алтынның басқа металдардан айырмашылығы ?Жер қыртысында алтынның мөлшері қанша ? Ол еліміздің қай облысында көп өндіріледі ?Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Алтын. табиғи түрде сары түсті, ауыр келеді. Жылу мен электр тоғын өткізгіштігі өте жоғары, әрі жұмсақ, созылмалы. Бір грамм алтынды төрт бөлмелі үй шатырының жартысын қаптауға жетерліктей етіп созуға болады. Мұндай қасиет алтыннан басқа ешбір металда жоқ. Жер қыртысындағы алтынның мөлшері орта есеппен 4,3-10%, кейбір жыныстарда бұл шама онан да төмен.

Шығыс Қазақстан жерінде алтын кенорындары көбінесе шағын интурзиялар мен пайда болған кварцитті желілі типі басым облыс аумағындағы алтын кен орындары пайда болу жағынан үлкен бес топқа бөлінеді.

Ұзындығы әртүрлі болып келетін кенді желі алаңдар түзетін гидротермальды кварцитті-алтынды, кен орындары. Олар көп немесе кварцитте немесе сульфитте түзіледі (пирит, арсенопирит, галенит т.б.)

Палеогенді вулкан атқылау әрекетімен байланысты түзілген гидротермальды алтынды-күмісті-теллурлы(кейде селенді) кен орындары. Бұл кен орындарда алтын бос немесе теллуридпен байланысқан күйде кездеседі.

Гидротермальды колчеданды-алтынды кен орындары. Сульфидтің құрамына байланысты екен орындары мысты-алтынды, алтынды-полиметалды, алтынды-мышякты болып бөлінеді. Бірінде алтын негізгі болса, екіншісінде қосалқы болады.

Қышқылды интрузивтік немесе эффузивтік жыныстардың гидро термальдық өзгерістерге ұшыраған жыныстардағы гидро термальды алтынды кен орындары. Олардың қатарына пропилиттерге, микрокварциттерге екінші рет кварцитке айналған жыныстар жатады.

Алтынды жыныстардың бұзылуынан түзілген шашыранды алтын кен орындары. Олардың қатарына Батыс Қалба мен Кенді Алтайдағы Еспе, Бақыршық, Василев, Ақжал, Қазаншұңқыр кен орындары металдары жатады. Кенді Алтайдағы полиметалл кен орындарында кеннің пайдалы компоненттерінің 7ден 24% алтын құрайды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий