0 комментариев

Сирек металдар қай жерде кездеседі ? Осы металлдарды зерттеген ғалымдар ? Сирек металдарды тағы қандай мақсатта қолдануға болады ?  Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz оқи аласыздар

Молибден кен орындары негізінен Ақшатау мен Кенді Алтайда кездеседі. Молибденнің негізгі минералы молибденитт пен (жылтыр молибден) галениттің сырт көрінісі бір-біріне өте ұқсас болғандықтан бір-бірінен ажырату қиынға соғады.. Сондықтан бұл екеуі жалпы атпен «молибден» деген сөз. Молибденді элемент түрінде алғаш рет 1778 жылы швед химигі К.Шееле молибдениттен ажыратып алады. Ал 1782 жылы швед химигі П.Гельем алғаш рет көміртегінің әсерімен молибден тотығынан молибденді таза металл түрінде алған.

Қазіргі кезде өндіріліп алынатын молибденнің 70-80% қосындыланған болаттар дайындауға жұмсалады, өйткені жоғары температураға ондай болаттар төзімді. Мысалы ракета бөлшектерін әзірлеуге, ұшатын аспаптарда, жоғарғы температурада тотығудан сақтайтын бөлшектер ментетіктер әзірлеуге молибден қоспаларын пайдаланылады.

Металл түріндегі молибденнен анодтар, әр түрлі торлар, электр лампасының жіптерін ұстататын тұтқыштар жасау үшін қолданылады. Молибденитті үйкеліс тетіктерін майлауға, натрийлі-молибденді лак және бояу өндірісінде, молибден тотығы химия және мұнай өндірістерінде катализатор ретінде кең түрде қолданылады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий