0 комментариев

Вольфрам кен орындары қай жерде шоғырланған ? Ол қандай металл ? Вольфрамды қандай ғалымдар зерттеген ? Немісше вольфрам сөзінің аудармасы ? Вольфрамның жер қыртысындағы мөлшері қанша ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Вольфрам өте баяу балқитын ауыр металл. Оның кен орындары негізінен Ақшатауда шоғырланған. Табиғи вольфрам тұрақты бес изотоптан тұрады. Алғаш рет 1781 жылы швед химигі К.Шееле (кейін шеелит деп аталады) минералынан вольфрам тотығын бөліп шығарады.

Кейін 1783 жылы Испания химиктері ағайынды Д.Элуяр вольфрамит минералынан таза металл бөліп алып, оны вольфрам деп атайды. Немісше «вольф-қасқыр», «рам-көбік» деген мағынада. Бұлай аталуы вольфрамит әрқашанда қалайы тасымен бірге кездеседі.

Вольфрамның жер қыртысындағы мөлшері орта есеппен 1◦10%. Көбінесе минерал түрінде кездеседі, солардың ішінде өндірістік маңызы бар вольфрамит, шеелит.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий