0 комментариев

Бәрімізге белгілі “Қызыл кітап” бұл жойылып бара жатқан жан-жануармен, өсімдіктерді қорғау мақсатында жазылған. Егер осы кітаптағы өсімдіктер мен жануарларға зияны тиетіндей жағдайлар болса айыппұл төлеп немесе бас бостандығынан айырылуы әбден мүмкін.  Қызыл кітапқа байланысты басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Қазақстанда бұл кітап 3 басылымнан тұрады. Соңғысы 1999 жылы шықты. Кітапта жануардың 120 түрі туралы жазылған. Олардың ішінде ақбөкен, гепард, бүркіт,  арқар, барыс, және қылқалам бар.

Кітаптың беттері әр түрлі түстен тұрады. Қара беттерде жойылған хайуандар, қызыл беттерде сирек кездесетін, сары бетте тез азайып келе жатқан, ал ақ беттерде құтқарылған жануарлардың түрлері көрсетілген.

Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Ғалымдар оны қажетті мәліметпен толықтыру және жариялау үшін, 15 жыл уақыт жұмсады.

Соңғы 4 ғасырда, жануарлардың және өсімдіктердің 150-ден астам түрі жойылып кетті.

Қызыл түс – қауіптілікті білдіреді. Сондықтан, кітапты осы түсте шығаруға шешім қабылданды.

Қызыл кітапта жойылу қаупі бар түрлердің тізімі ғана емес, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтауға арналған пайдалы кеңестер жазылған.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий