0 комментариев

Тиындар көздің жауын алатын өте сүйкімді және жылдам қозғалатын сүйкімді жануар. Олардың неше түрі бар ? Сыртқы пішіні қандай ? Олар қай жерлерде мекен етеді ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Жылына 1-3 рет көбейеді. Жүктілік уақыты 38 күнге созылады. Жаңа туылған тиіндер жалаңаш және соқыр болып дүниеге келеді. 1,5 ай бойы анасының сүтімен қоректеніп, 6 айдан соң ересекке айналады. Алайда, олардың 80%-ы, өмірінің алғашқы жылында өліп қалады.

Бұл жануарлар – ылғалды тропикалық ормандарда, жазықтарда және тауларда өмір сүреді. Әрбір тиіннің тұрақты жері бар, ол өз аумағын көршілерінен қорғауға тырысады. Есту және көру қабілеті ерекше дамыған, олар үнемі аспан мен жерді зерттеп отырады. Жыртқыштарды көрсе, ағаштың артына тығылып, қатты дыбыстар шығара бастайды.
Тиіндердің 30 түрі бар. Антарктида мен Австралиядан басқа, барлық құрлықтарда кездеседі. Орташа көлемі 20-31 см. Ең ірілері шамамен 50 см-ге дейін жетеді. Дене мөлшері мен жүндерінің түсі –  тіршілік ету ортасына байланысты өзгереді.

Орманға тигізетін пайдасы өте жоғары. Зерттеушілердің айтуынша, бір тиін – мың жаңғаққа дейін жасырып қоюы мүмкін. Бірақ, кеміргіштер олардың жартысын ғана пайдаланады, қалған жаңғақтар өсіп, жаңа ағаштардың пайда болуына әсер етеді.

Бір тиіннің бірнеше ұясы болады. Ұясының диаметрі 30-50 см, ол жұқа бұтақтардан, жасыл мүктен және қыналардан тұрады. Күнделікті өмірінің көп бөлігін, азық іздеумен өткізеді. Әдетте, жаңғақпен, жидекпен, дәнмен және саңырауқұлақпен қоректенеді. Кейбір жағдайларда, жәндіктермен және құстардың жұмыртқаларымен тамақтануы мүмкін.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий