0 комментариев

Сарбас жыландардың қанша түрі бар ? Олар улы болады ма ? Қай жерлерді тіршілік етеді ? Олар қалай көбейеді ? Немен қоректенеді ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа  да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Сарбас жылан тәрізділер тұқымдарына жыландардың 1000-ға жуық түрі жатады. Бұлардың ішінде залалсыздары да, өте улы түрлері де болады. Бұл тұқымдастың сұр жыландардан ерекшелігі улы тістері және оның каналы болмайды, улы тісінің алдыңғы жақ бетіндегі сайшалар арқылы құйылады. Көбірек тараған түрінде кәдімгі сарбас жылан жатады.

Түсі қоңыр, тіпті қара деуге де болады. Самайының арт жағына симетриалы орналасқан екі сарғылт жолағы болады. Сондықтан да бұларды сарбас жылан деп атаған. Кейбір түрлерінде сары жолақ болмайды. СССР-дің Европалық бөліміне Сибирьге, шығыста Байкалға дейін және Орта Азияның кейбір жерлеріне тараған.

Батпақтың, өзеннің және тоспаның жағасын мекен етеді. Бақалармен, кесірткелермен, кемірушілермен, аздап та болса жәндіктер мен, өте сирек балықтармен қоректенеді. Жұмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқаларын шірінділердің арасында салады.

Біздің елдің оңтүстігінде су сарбас жыланы  мекендейді. Кәдімгі сарбас жыланнан айырмашылығы түсі ашық сұр, қара дақты болады. Көбінесе суда тіршілік етеді. Балықтармен қоректенеді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий