0 комментариев

Полоз жыланының сыртқы пішіні қандай ? Олар қай жерлерде мекен етеді ?  Немен қоректенеді ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Полоздар сарбас жыландарға жақын, ұзындығы 2 м болатын жыландар. Улы тістері болмайды. Егер адам қуса қарсыласып, тістеуге ұмтылады, өте қатты тістейді. Көзілдірікті сарбас жыландар тұқымдасына жалпы халыққа белгілі улы жыландар да жатады.

Түрікменияның оңтүстігінде сұр кобра деген түрі кездеседі. Денесі біркелкі сұр түсті, дағы болмайды. Аңғарларда және адам мекеніне жақын жерлерде тіршілік етеді. Шаққаны өте қауіпті. Көзілдірікті жыланның мойының желке жағында көзілдірік сияқты екі дағы болады. Олар Оңтүстік Азияны мекендейді.

Кәдімгі сұр жылан  біздің еліміздің Европалық бөлігінде және Сибирьде таралған . Түсі сұр қара жолақты , немесе мүлдем қара болады. Олар көбінесе тоғайлы жерде болады, ол батпақты жерлерде кездеспейді. . Бұларды күндіз үйінділердің , ағаш түбірінің үстінен , таулы жерлердің күнгей жағынан көруге болады , қорегін аулауға түнде шығады.

Негізінен тышқандармен дала тышқандармен , сирек болса да құстармен, кесірткелермен, бақалармен, және жәндіктермен қоректенеді. Тірі жұмыртқа туып көбейеді. Қысқа қарай бірнешеуі бірігіп , ағаш тамырының астында , терең індерде қыстап шығады. Сұр жыланның шаққанынан денсаулығы нашар адамдар үшін аса қауіпті болмағаны мен көп азап шегеді.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий