0 комментариев

Жылан шаққанда алғашқы көмекті қалай көрсетуге болады ? Жылан шаққанда не істеуге тиым салынады осы сұрақтардың жауабын kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Егер сізді жылан шағып алса, мыналарға тыйым салынады:

Шаққан жерді күйдіруге. Егер жылан теріңізді тістеп алса, онда сіз тек теріңізді күйдіріп
аласыз, ал уды шығара алмай қаласыз.

Тістелген жерді кесуге болмайды. Сіз өзіңізге одан әрі зиян келтіресіз.

Алкоголь қабылдауға болмайды. Алкоголь удың ағзадан шығуын баяулатады. Қолда бар
шөптерді және басқа да заттарды жараға тануға болмайды. Сіз жараға індет жұқтырасыз.

Бұрау салуға болмайды. Қалыпты қан айналымы қол-аяқтарды жансыздандырмайды,
қан айналымының бұзылуы тіндердің ыдырауына әкеп соғуы мүмкін.

Жылан шаққан кездегі алғашқы көмек:

Зардап шегушіні көлденең жатқызып, тыныштықта қалдыру қажет, өйткені қозғалыс удың
бүкіл денеге таралуын тездетеді. Аяқты шаққан кезде оны қозғалтпауға тырысыңыз. Шаққан
қол-аяқтарды дәкелеп танып және олар біраз көтеріңкі болып тұру үшін тізенің астына бір
нәрсе қойыңыз.

Қолды шаққан кезде оны бүккен күйде ұстаңыз.

Уды сорып шығару. Жараны саусақпен басып, уды ауызбен қатты сору қажет. Бұл үшін
кішкентай құтыны немесе шөлмекті пайдалануға болады. Құтының ішіндегі ауаны сиретіп, от
жақындатып жараға құтыны салу қажет. Уды алғашқы 15 минут ішінде үздіксіз сору керек.

Бұл зардап шегушінің ағзасынан удың 50 %-ын жоюға көмектеседі. Егер зардап шегуші
жалғыз болса, онда уды өзі сору қажет.

Жараны залалсыздандырыңыз және стерильді таңғыш байлаңыз. Таңғыш жұмсақ тінге тиіп
кетпес үшін оны жиі-жиі босатып отыру қажет.

Зардап шегуші ағзадан уды шығару үшін көбірек сұйықтық ішу қажет.

Зардап шегушіні тезірек емдеу мекемесіне жеткізу қажет.

Шұғыл жағдайларда зардап шегушінің жүрегіне және тыныс алу жолдарына жасанды массаж
жасау қажет.

Зардап шегуші рухани қолдауды қажет етеді!
Масалар шаққан кездегі көмек: Қышуды азайту үшін шаққан жерді спиртпен, одеколонмен, арақпен сүрту қажет.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий