0 комментариев

Мизам шуағы дегеніміз не ? Ол қай мезгілде айтылады ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Халық арасында қыркүйек айының соңғы күндері мен қазан айының ортасына дейін болатын шуақты күндерді «Мизам шуақ» деп атайды.

Ата-бабаларымыз ертеректе, айналадағы болып жатқан табиғаттың құбылысына қарап ауа райын болжап отырған. Соның бірі, күн ауып, кеш батқан сәттен бастап күн қатты суытып, жаңбыр жауып немесе түнде шөп басына шық түскен сәтті мизам шуақ уақыты келді деп түсінген екен.

Халық сенімі бойынша, бұл табиғаттың барша адамзатқа қытымыр қысқа дайындалыңдар деп ескертуі деп есептеген. Онымен қоса, түнгі уақытта болған суықтың ызғары, күн шыға салысымен бірден басылып, айнала күннің сәулесіне оранып, далада өрмекшінің торы секілді мамық ауада ұшып жүретін нәрселер қаптап кетеді екен. Сол мамық ұшпалы нәрсені қазақта мизам деп атайды. Мизам шуақ деп аталуының себебі де осыда.

Мизам шуақ уақыты кіргеннен бастап әйел адамдар тездете қыстық азықтарын дайындауға кіріссе, ер адамдар жинаусыз қалған егістіктерін жинап, отын-жалпылдақтарын теріп, қысқа қамдану осы уақыттан басталады екен.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий