0 комментариев

Юпитер күн жүйесіндегі ең алып ғаламшар. Бұл ғаламшардың массасы қанша ? Юпитердегі шар табағы нені білдіреді ? Оның айналу осі қанша ? Осы сұрақтардың жауабын  kyn.kz  сайтынан оқи аласыздар.

Юпитер ғаламшарының массасы қалған ғаламшардың бәрінің массасын қосқандағыдан 2,5 есеге асып түседі. Жер массасынан 318 есе көп. Юпитердің көрінерлік шар табағы оның созылыңқы атмосферасының жоғарғы қабаты болып табылады. Тіпті, шағын телескоптың өзінен ғаламшардың айналу осі бойымен 1/16-ге тең сығылыңқы екені байқалады.

Экваторлық шар табағының диаметрі полюс аймағындағысынан 1,07  есе үлкен болып келеді. Ғаламшардың экваторлық радиусы R = 71400 км, ол Жер радиусынан 11,2 есе үлкен. Ғаламшардағы еркін түсу үдеуі Жердікінен 2,67 есе көп. Ал оның бетіндегі ең жоғары жылдамдық секундына 60,4 км-ге тең. Юпитер Жер сияқты батыстан шығысқа қарай айналады.

Юпитердің едәуір сығылыңқы болуы осін жылдам айналуынан, ол әр аймақ әр қалай. Экваторлық аймағы 9(c) 50,5 м, ал қоңыржай аймақтары 9(c) 55,7 м периодпен, яғни баяуырақ айналады. Бұл шартабағының табиғаты газ екенін көрсетеді. Онда қарайған жолақтар мен дақ жақсы көрінеді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий