0 комментариев

Юпитерді зерттеген ғалымдар кімдер? Алып ғаламшардың қойнауындағы температура қанша ? Юпитер қандай химиялық элементтердің қоспасынан тұрады ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

1950-1951 жылдары кеңес астрофизиктері В.Г.Фесенков пен А.Г.Масевич және басқа алып ғаламшарлардың Юпитер шамамен 75-85% сутегі, 25-15% гелийден және неғұрлым ауыр химиялық элементтердің қоспасынан тұрады деп алсақ, онда олардың физикалық сипаттары түсіндіруге келеді деп дәлелдеді. Алып ғаламшарлардың терең қойнауларында температура ондаған мың кельвинге жете алады. Ал алапат қысымнан сутегі сұйық жағдайда және тіпті, тоқты жақсы өткізе алатын металдық сутегі дейтін айрықша тығыз жағдайда болуы мүмкін.

Юпитердің бетінен 130 000 және 43 000 км қашықтықтан ұшып өткен американ автоматты «Пионер — 10» және «Пионер — 11» станциялары оның атмосферасынан спектрлік сызықтары көмескі және Жерден байқалмайтын гелийді тапты. Сөйтіп бұрынғы кеңес астрофизиктерінің теориялық есептері ғаламшарды жақыннан зерттеудің нәтижесінде тұжырымдалды.

Зерттеу мәліметі бойынша Юпитер массасының 74 % сутегі, 20% гелий және 6% ғаламшардың қойнауында жатқан ауыр химиялық элементтерден тұрады. Атмосфера деп аталатын сыртқы сутекті гелийлі қабат 6000 км-ге дейінгі, немесе 0,08 тереңдікке дейін жайылады. Оның құрамында метанның, аммиактың, цианидтердің және су буының мардымсыз қосындысы бар.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий