0 комментариев

Юпитердің неше серігі бар ? Оны ең алғаш ашқан ғалым кім ? Бұл серіктерді қалай атаған ? Олардың сыртқы пішіні қандай ?  Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz оқи аласыздар.

Зерттеулер нәтижесі Юпитердің 16 серігін анықтады. Олардың бәрі де қатты денелер, төртеуі неғұрлым ірі және Айдың көлемі мен массасымен салыстырарлықтай шар тәрізді. Бұл төрт серікті 1610 жылдың қаңтарында-ақ, Галилей ашқан. Олар тіпті, дүрбі арқылы көрінеді. Серіктердің өз осінен айналу жылдамдықтары Юпитердің төңірегіндегі айналу жылдамдықтарына тең. Сондықтан олар Юпитерге ылғи бір жарты шарымен қараған күйде және оның экваторы белдеуі бойымен алға  қарай бағытта, дөңгелек орбита бойымен айналады. Оларға ежелгі грек мифологиясынан алынған: Ио (Айдың тәңірісі) ,Еуропа( Жер шаруашылығынын тәңірі),Ганимед және Каллисто деген есімдер берілген.

Көлемі жағынан Ганимед Меркурийден үлкен, ал Каллисто онымен бірдей деуге болады. Ио серігі Күн жүйесіндегі бірден бір белсенді жанартаулы серік: онан биіктігі 200 км-ге дейін газ бен тозаң лақтыратын жеті жанартау табылды. Серіктердің құм секілді созылып жатқан қыртыстардан және тілімделген жарықтардан тұрады.

Қалған серіктерінің шамасы 10-нан 280 км-ге дейін жетеді. Ал пішіндері бұрыс. Олар ашылу ретіне қарай нөмірленген, сондықтан ол цифрлар ғаламшардан қашықтығын көрсететін цифрлармен сәйкеспейді. Ғаламшарға ең жақын XIV Адрастея мен XVI Метис 128000 км радиусты ұқсас орбитасымен 7 сағ 5 мин айналып шығады. Төрт алыс серіктері кері бағытта аса созылыңқы, біршама көлбеу орбитамен қозғалады. Анағұрлым алыс IX серік 23300000 км орташа қашықтықта 758 тәулік мерзімде бір айналып шығады. Юпитердің өзінің шалғай серіктерін астероидтар белдеуінен қармап алуы әбден мүмкін.

Өзінің қозғалысы кезінде жақын серіктер ғаламшардың тасасына енеді. Ғаламшардың арғы жағына жасырынады. Бұл құбылыстар тіпті шағын телескоппен қарағанда да жақсы көрінеді.

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий