0 комментариев

Сатурнның неше серігі ашылды ? Оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады ? Оның алғашқы серігінің пішіні қандай ? Ең үлкен сірігінің аты қандай ? Осы сұрақтардың жауабын  және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Сатурн кесек көлденеңдері 34-тен 5150 км-ге жететін 17 серігі ашылды. Юпитердікі сияқты бұл серіктер де ашылуларына қарай нөмірленген. Юпитер туралы мына мақаладан Юпитер жүйесіндегі ең алып ғаламшар. Ірі серіктері шар тәрізді келеді. Ең үлкен, алтыншы серік — Титан  телескоптан  көрінеді. Ол диаметрі жағынан Айдан бір жарым есеге жуық үлкен, тығыз азот атмосферасымен қоршалған. Сатурнның төңірегінде 1 221 900 км орташа қашықтықта 15 күн 22 сағат 48 минутта бір айналып шығады. Ғаламшарға ең жақын XVII Атлас серігінің диаметрі 40 км, ол ғаламшардан 137 70 км орташа қашықтықта 14  сағат 27 минутта периодпен айналып шығады.

Автоматты станциялармен алынған суреттері ірі серіктерінің бетінде аумағы әр түрлі толып жатқан қазаншұңқырлар бар екенін көрсетті. Мәселен, бірінші серігі Мимастағы (390 км) ең үлкен қазаншұңқырдың диаметрі 130 км, ал үшінші серік Тефийде диаметрі — 400 км-ге жуықтайды. Қазаншұңқырлардың басым көпшілгі соққыдан пайда болған.

Сатурнның барлық серіктері оның төңірегінде ілгері қарайғы бағытта айналады. Тек ең алыс, ғаламшардан 13 млн. км-ге жуық қашықтықтағы тоғызыншы серігі Феба (диаметрі 220 км) кері қарай айналады және 530 тәулікте бір орбитамен орап шығады.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий