0 комментариев

Сатурн ғаламшарының массасы қандай ? Сатурн энергиясы күннен жерге қарағанда неше есе аз ? Оның жоғарғы қуатының температурасы қанша ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Сатурн ғаламшары басқа ғаламшарға қарағанда Юпитерге ұқсас келеді. Оның массасы Жер массасынан 95 есе, экваторлық радиусы Жер радиусынан 9,5 ес асып түседі. Сатурндағы тарту күшінің үдеуі Жердікінен 1,15 есеге артып түседі. Ал ең жоғары жылдамдық секундына 37 км-ге жетеді. Ғаламшардың құрылысының газ тәрізді екенін оның 0,69 г/см^3 -қа тең шамалы орташа тығыздығы көрсетеді.

Сатурн энергияны Күннен Жерге қарағанда 92 есе аз алады. Сонымен бірге осы энергияның 45%-ін шағылдырады. Сондықтан оның жоғары қабаттарындағы температура — 190 С -қа жуық болуы тиіс еді. Бірақ ол 170 С -қа жақын.

Юпитерге қарағанда магнит өрісі мен радиациялық белдеуінің нашарлығы Сатурнның радио сәулесі айтарлықтай аз екенін көрсетеді. Бұл 1979 жылғы қыркүйектің 1-нде Сатурнның бетінен 21400 км қашықтықтан ұшып өткен «Пионер-11» автоматты станциясымен тұжырымдалды. Станция осі ғаламшардың айналу өсімен сәйкес келетін магнит өрісін тапты. Радиациялық белдеуі енді жолақтарға бөлінген, электрмен зарядталмаған бөлшектері бар бірнеше аймақтан тұрады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий