0 комментариев

Жұлдыздардың радиусын қалай зерттейді ? Осы арақашықтықты алғаш зерттеген ғалым ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Жұлдыздар радиусы егер бір жұлдыздардың бұрыштық диаметрін өлшей алар болсақ жұлдыздардың сызықтық радиусын нанымды түрде есептеп шығаруға болар еді. Бірақ жұлдыздардың Күн мен Айдан алыстықтары сондай, олардың бәрі жарық нүктеден болып көрінеді. Дегенмен, 1920 және 1970 жылдары белгілі американ физигі А. Майкельсон (1852-1931) мен оның қызметкері Ф.Пиз (1881-1978) тоғыз жұлдыздық бұрыштың диаметрлерін өлшей алды.

Бұл үшін олар Калифорниядағы Вилсон Тауына (Маунт-Вилсон обсерваториясы) орнатылған сол жылдардағы ең ірі, айнасының диаметрі 2,5 м рефлекторды пайдаланады. Телескопқа өзіне сай қосымша айна бекітіп, оны интерферометрге – өте кішкене көлемді жарық көздерінің бұрыштық диаметрін өлшеуге арналған құралға айналдырды.

Жұлдыздардың өлшенген бұрыштық диаметрлері мардымсыз аз болып шықты: ең үлкен Киттегі σ жұлдызы 0,56΄΄, ал ең кішісі Киттегі α жұлдызы 0,009 болып шықты. Онан кіші диаметрлерді өлшеу мүмкін болмады.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий