0 комментариев

Жұлдыздардың радиусын зерттеген кім ?  Бұл өлшеу процесстері қандай құрал арқылы жүзеге асты ? Әрбір өлшеуге қанша сағат кетті ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

1967 жылы Нарабри обсерваториясында диаметрі 6,6 м екі сфералық айнасы, фокустарында фото көбейткіштері бар Браун мен Туисстің интерферометрі іске қосылды. Барлық өлшеу электронды-есептеу қондырғысымен жүзеге асырылды. Интерферометр 2,5m-ге дейінгі жұлдыздардың бұрыштық диаметрін өлшей алады. Әрбір өлшеуге бірнеше ондаған сағат кетеді. 10 жылғы бақылауда 50 жұлдыздың бұрыштық диаметрі өлшенеді.

1 пк = 206 265 а.б. ал 1.а.б. = 1,496*10^8 км. Жұлдыздар радиусы неғұрлым аз санмен есептеп шығару үшін жұлдыздардың сызықтық радиустарын Күннің R радиусымен өрнектеу қабылданған. Бұл үшін теңдеудің оң жақтағы бөлігін R=6,96 *10^5 км-ге бөлу қажет. Бұрыштық диаметрлері белгісіз жұлдыздардың радиустары олардың жарықтылығы мен температурасы бойынша есептеліп шығарылуы мүмкін. Стефан-Больцман заңын еске түсірелік, ол бойынша қызған дене бетіндегі энергияның шығу қуатының бірлігі оның абсолют температурасының төртінші күйіне пропорционал. 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий