0 комментариев

Шолпанның массасы қанша ? Шолпанның күн төңірегіндегі айналу периоды және оның жұлдыздық тәулігі қанша ? Осы сұрақтың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Шолпан бетін Жерден оптикалық құралмен бақылау қиын. Өйткені ол бұлтқа оралған. Сондықтан ғаламшардың физикалық сипаттары радио метод және ғарыштық зерттеулермен алынған. Шолпанның массасы Жердің 0,815 массасына тең, ал оның радиусы R=6050 км немесе Жердің 0,950 радиусындай. Ғаламшар затының орташа тығыздығы 5,24 г/см3 шамасында.

Ғаламшардың айналу осі перпендикулярдан оның орбита жазықтығына бар болғаны 3 градусқа қиғаш. Ғаламшар осінде шығыстан батысқа қарай (яғни Жер айналасына қарсы) P=243.0 тәулік периодта айналады. Сондықтан жердегісі көзге елестетсек, ғаламшардағы шығыс көкжиек Күн шығар жақ болғаны. Күн батыстан шығып, шығысқа батқандай көрінеді. Шолпанның айналуы кері болғандықтан оның айналу периодына теріс таңба қосылады.

Шолпанның Күн төңірегіндегі айналу периодын T= 225 және оның жұлдыздық тәулігін P=-243 білуге болады. Синодтық теңдеу бойынша ғаламшардың күндік тәулігін S=117 тәулікті табу оңай. Шолпандағы еркін түсу үдеуі 0,90 жердікіндей, ал аса қатты жылдамдық секундына 10,4 км. Сондықтан Шолпанның 1761 жылғы маусымның 6-да Күн шартабағынан өтуін бақылау кезінде М.В. Ломоносов ашқан тығыз атмосферасы сақталды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий