0 комментариев

Шолпанның сыртқы пішіні қандай ? Шолпан атмосферасының құрамы қандай ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Шолпанның төменгі тұстасуы кезінде ол жіңішке орақ болып көрінеді. Орағы әдеттен тыс ұзын келеді. Кейде тіпті  екі ұшы жалғасып та кетеді. Ымырттық доға делінетін бұл құбылыс Күн сәулесінің ғаламшар атмосферасындағы сынуынан деп түсіндіріліп келеді.

1967 мен 1983 жылдар аралығында автоматты «Шолпан — 4» «Шолпан-16» станцияларымен ғаламшарды зерттеудің негізгі бағдарламалары орындалды. 1985 жылғы маусымның ортасында Шолпанның жанынан ұшып өткен «Вега — 1» және «Вега — 2» ғарыш станциялары оның атмосферасына аэростаттық шарлар мен ғаламшардың бетіне қонатын қону блоктарын тастады.

Зерттеу нәтижесінде Шолпан атмосферасының 96 %-ке жуығы көмірқышқыл газынан, 4%-ке жуығы азот, 0,002 %-і оттегі және 0,02%-і су буынан тұратыны анықталды. Ғаламшар үстіндегі тығыздық Жер атмосферасының төменгі қабаттарындағы тығыздықтан 60 есеге дерлік асып түседі. Ал атмосфералық қысым 95 *10^6 Па жетеді.

Шолпан атмосферасындағы басым түсетін көмірқышқыл газ ғаламшарда көктеме эффектісін тудырады. Мұның себебі Күн сәулелері атмосферадан өтеді. Және Шолпанның ұзақ күнінде ғаламшар бетін әжептәуір қыздырады. Ал бетіндегі инфрақызыл жылу сәулелері айнала кеңістікке мейлінше баяу тарайды. Өйткені оларды көмірқышқыл газы түгелдей дерлік жібермейді. Осының салдарынан Шолпанның беті мен атмосфераның төменгі қабаттары 465-480 C -ға дейін қызады.

Ғаламшар бетінен 30 км шамасындағы биіктікте 90 км-ге жететін бұлтты қабат бар. Ол үш ярустан тұрады. Бірақ 50-ден 70 км-ге дейінгі биіктіктегі неғұрлым тығыз ярус жеңіл тұманды еске түсіреді. Бұлтты қабаттың 1974 жылы «Маринер — 10» станциясымен 726 000 км қашықтықтан түсірілген суреттерде жақсы білінетін аймақтың құрылымы бар. Бұлт күкірт және тұз қышқылының аса майда тамшыларынан тұрады. Оларда хлор мен күкірттің қоспасы бар.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий