0 комментариев

Шолпан көбіне қандай жерлер кездесезеді ? Таулы аудандар ғаламшардың неше пайызын алып жатыр ?Ғаламшардың табиғи серігі бар ма ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Шолан бетінің бедері Жерден тікелей радиолокациямен де, ғаламшардың жасанды серіктерімен де зерттелуде. Осы зерттеулердің негізінде Шолпан бетінің картасы жасалады. Ғаламшар бетінің тегістігі айтарлықтай екені анықталады. Бірақ онда да ойпаттар, жазықтармен бірге тау шоқылары мен қыраттар, сақина таулар мен қазаншұңқырлар, тік жарлар мен жарықтар бар.

Таулы аудандар ғаламшардың 10 %-ке жуығын алып жатыр. Неғұрлым ірілері Иштар жері, Афродита Жері деп аталған. Иштар Жері ауданы жағынан Австралиядай және ол тау қыраттарымен қоршалған. Биіктігі шамамен 2 км үстірт болып табылады. Ең биік Максвелл тау массивті 8 км-ге көтеріледі. Ал оның шыңдарының бірі 4 км-ге жетеді. Афродитаның жері де үстірт, оның ауданы Африканың ауданына жақын.

Ойпат Шолпан бетінің 27%-ін алып жатыр. Неғұрлым ірілерінің бірі Атлантида деп аталады. Оның диаметрі 2500 км шамасында, ал тереңдігі 2 км-ге жуық. Ол үлкен Ай теңізіне өте ұқсайды. Ғаламшардың қалған бөлігі — биіктігі 2 км-ге жететін көптеген шағын таулар мен тау тізбелері бар.

Тауларының ішінде жанартаудан, сондай-ақ соққыдан пайда болған көптеген сақина қазаншұңқырлар бар. Үлкен қазаншұңқырларының диаметрі 30-дан 160 км-ге дейін, ал тереңдіктері — 500 м-ден аспайды. Ғаламшардың экваторына жақын оның қыртысынан ұзындығы 1400 км, ал ені 150 км дерлік және тереңдігі 2 км-ге дейін алапат жыра болып табылды.

Шолпан су бассейні де магнит өрісі де жоқ. Ғаламшардың қойнауында диаметрі 5800 км-ге жуық тығыз темірлі ядросы бар деп болжануда. Ғаламшардың табиғи серігі жоқ.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий