Саңырауқұлақтар қай кезден бастап пайда болған ? Олар жеуге жарамды ма ? Ең үлкен саңырауқұлақтар қай жерде өседі ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.
Саңырауқұлақтар – Жер бетінде ұзақ уақыт бойы тіршілік етеді. Олар тіпті, динозаврлардан бұрын пайда болған. Әлемде 2 миллионнан астам түрі бар.
Олар: жеуге жарамды, жеуге жарамсыз және улы болып бөлінеді. 300 миллион жыл бұрын, олардың ұзындығы 10 метрге дейін жеткен. Сасық саңырауқұлақ – ең улы түріне жатады. Оның бір қалпағы 3-4 адамды өлтіруі мүмкін.
Ежелгі Рим императоры – Клавдий, осы удан мерт болды. Ең үлкен саңырауқұлақ АҚШ-та өмір сүреді. Ол 900 гектар жерді алып жатыр, ал салмағы бірнеше тонна. Плазмодий саңырауқұлағы жүре алады.
2 тәуліктің ішінде, 1 метр қашықтыққа жылжиды. Жерқұлақ (трюфель) – ең қымбат түрі болып саналады, 1кг – 2500 долларға бағаланады. 1940 жылы А.Флеминг, бұл өсімдіктерден пенициллинді бөліп шығарды.
Осылайша, тарихтағы алғашқы антибиотик жасалды. Орташа алғанда, әрбір саңырауқұлақ 90%-ға судан тұрады. Фунготерапия – саңырауқұлақтардың емдік қасиеттерін зерттейтін ғылым. Түлкішек деп аталатын түрі – паразиттарды жояды. Көптеген адамдар оны дәрі ретінде пайдаланады.
Иммундық жүйені қалыпқа келтіруге көмектеседі. Өте баяу өседі. Жылына шамамен – 10 сантиметрге. Пайдалы өнім болып саналады. Оның құрамында ақуыз көп, ал холестерин мүлдем жоқ. Сондай-ақ, ол көптеген дәрумендерге бай.