0 комментариев

Бозарамқұлақтың сыртқы пішіні қандай? Оның құрамы қандай ? Олар улы ма ? саңырауқұлақтарды зерттеген ғалымдар ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Бозарамқұлақ  – ақ, сарғыш, жасылдау, сұрғылт – ақшыл түстi қалпағының үстiнде мақта тәрiздi қабыршақты ақ жарғақтары бар. Дiңгегiнде жарғақты белдеушесi болады. Түп жағын қалта тәрiздi жамылғы қаптайды. Көбiнесе жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты орман шетiнде өседi.. Құрамында «фаллоидин» алкалоиды болғандықтан өте улы саңырауқұлақтардың қатарына жатқызады.

Қазіргі уақытта қос қанатты қан сорғыш жәндіктерді биологиялық әдіспен құртуда болашағы зор ауру тудыратын қоздырғыштардың бірі- аскомицетті саңырауқұлақтар. Жәндіктерде ауру тудыратын басқа қоздырғыштарға қарағанда саңырауқұлақтар толығырақ зерттелінген. Жәндіктерде кездесетін саңырауқұлақтардың көбі Аscomycetes класына жатады, олар екі қатардан тұрады: Protoscales, Taphrinales, олардың ішінде толық зерттелмегені шіркей дернәсілдерінің ауру қоздырғышы – Coccidiascus Chatton. Бұл саңырауқұлақты бірінші рет тексеріп жазған П.Дебазье (1961) болды. Ауру қоздырғыш шіркей дернәсілдерінің ішкі мүшелерінде гемицелийінде мекендейді. Coccidiascus Chatton ауру қоздырғышының екі түрлі спорангиясы болады, бірі-жаздық, екіншісі-күздік. Бұл спорангилердің бір-бірінен көлемі және ішкі құрылысы жағынан айырмашылықтар бар. Осы қоздырғышпен ауырған шіркей дернәсілдері қуыршақ сатысына жетпей өледі. Азия мен Европа континентінде көп тараған шіркей дернәсілдерінің түрінде осы саңырауқұлақтар бар.

A.ruber. саңырауқұлағы ТМД-ның барлық жерінде кездеседі және жәндіктердің көп түрінде ауру қоздырады.Бұл ауру қоздырғыш Өзбекстанда Aedes пен Culex туысына жатанын маса дернәсілдерінен табылғаны жөнінде деректер бар(Щербань, Гольберг 1971).

Суда мекендейтін Blastocladiales қатарына жататын саңырауқұлақтардың бір тұқымдасы атап айтқанда Coelomomucetaceae қос қанатты қан сорғыш жәндіктердің суда дамитын сатыларының ауру қоздырғышы болып саналады.Бұл тұқымдасқа жататын ауру қоздырғыштардың көбі жәндіктердің кейбір түрін ғана ауыртады, ал басқа түрлерінде ауырған популяциядағы маса дернәсілдерінің саны 1 пайыздан 95 пайызға дейін жетеді. Табиғатта Coelomomucetaceae тұқымдасына саңырауқұлақтар көп. Ғылымға қазіргі уақытта осы тұқымдасқа жататын саңырауқұлақтардың 30 түрі белгілі болып отыр.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий