0 комментариев

Гренландия ең үлкен аралдардың бірі. Гренландия атауының мағынасы қандай ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Гренландия атауы, біздің тілге аударғанда «Жасыл арал» дегенді білдіреді. Кейбір деректер бойынша, ертеде бұл жердің климаты жылы болған. Аралда құнарлы жерлер өте аз. Ағаштар мүлдем жоқ деп айтуға болады.

Оның 82%-ын мұз басқан. Қалыңдығы 2-3 километр. Ол еріген жағдайда, әлемдік мұхиттың деңгейі – 7 метрге көтерілуі мүмкін.

Гренландия аралын Дания мемлекеті басқарғанымен, бұл арал Даниядан 50 есе үлкен. Жергілікті тұрғындардың саны – 50-60 мың адам ғана. Олардың жеке туы және елтаңбасы бар. Біртіндеп тәуелсіздік алуға ұмтылып келеді.

Гренландия аралында ақ аюлар, қояндар, қасқырлар, бұғылар, ақ түлкілер, мөрлер және киттер мекен етеді. Аралда қылмыс деңгейі өте төмен, цунамилер және жанартау атқылаулары сирек болады.

Сатылатын тауарлардың бағалары жоғары. Жергілікті халық балық аулау арқылы, өздерін теңіз өнімдерімен ғана қамтамасыз етеді. Қалған заттардың барлығын, шет елдерден кіргізеді. Халықтың басым көпшілігі эскимостар (инуиттар). Олар бұл аралда 13-ғасырдан бастап өмір сүреді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий