0 комментариев

Жалман Қазақстанның қай жерлерінде кездеседі ? Оның сыртқы пішіні қандай ? Олар қалай тіршілік етеді ? Жалман немен қоректенеді ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Жалман – тек Қазақстанда ғана ; Арал сыртында (Қарсақпай жалманы) , Бетпақдалада , Балқаш маңының солтүстігінде , шығысында (Алакөл шұңқыры) , Жоңғар қақпасы төңірегінде өте сирек кездесетін , үй тышқанына ұқсайтын кішкене ғана аң. Терісі қалың жүнді , жібектей жұмсақ құлағы едәуір үлкен .

Баялыш бұталарының , ақ жусандардың ішінде жүреді. Жерде жайлап ғана секіріп баяу қозғалады. Бірақ бұталарда тез, жақсы өрмелейді. Негізінен бунақ денелерді аулап жейді . Жақсы көретін қорегі шегіртке , бүйі қыршаян тәрізді өрмекшілерді де аулайды . Қорегін үңгірде кейде таңғы салқын кездерде ширақ іздейді. Күндіз және түнде ұйықтайды .Ауа температурасы +3 С төмен болатын күз , көктем мезгілдерінде және қыста ұйқыда жатады .

Жалманның биологиясы жөнді зерттелмеген . Сондықтан Қазақстанның және бұрынғы КСРО-ның Қызыл кітаптарында бұл аңды аулауға тыйым салынғаны хабарланып , қорғаудың неғұрлым тиімді шараларын жүргізу үшін оның биологиясын зерттеу қажет.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий