0 комментариев

Меркурийдің диаметрімен массасы қанша ?  Суреттерден оны неге ұқсатқан ? Меркурийдегі қазаншұңқырлар немен төңкерілген ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz оқи аласыз.

Меркурий диаметрі 4880 км, массасы Жердің 0,056 массасындай. 1947 жылы наурыздың 29-да американ ғаламшараралық «Маринер-10» станциясымен 233000-нан 7340 км-ге дейінгі (станцияның ғаламшармен онан кейінгі екі рет жақындауы кезінде түсірілген суреттерде) қашықтықтан алынған суреттер болды. Суреттер арқылы оның Айға ұқсас екенін көрсетті.

Кесе көлденеңдері бірнеше метрден 625 км-ге дейін жететін болып келеді. Кейде тарамдалған жарық сәулелері және орталық шағын таулары бар майда және ірі қазаншұңқырлар көрінеді. Сонымен қатар ұзыннан-ұзақ созылып жатқан (200 км-ге дейін) кең (10 км-ге дейін) алқаптар. Жарылған жерлер биіктігі 2-3 км, ұзындығы жүздеген км ірі құламалар төбелері мен биіктігі 4 км-ге жетеді.

Кейбір қазаншұңқырлардың түптері қатып қалған лавамен көмілген, ондайлар тау қияларында да кездеседі. Кейбір жерінде қатқан қалың лава ағындарынан тау шыңдары қылтиып көрінеді. Ірі қазаншұңқырлардан жан-жаққа тараған жарық сәулелер, шамасы, Айдағы сияқты майда қазаншұңқырлардың жиі орналасқан. Тізбегі мен олардың айналасында шашылып жатқан майда дән тәрізді заттар болуы керек.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий