0 комментариев

Меркурий аты нені білдіреді ? Меркурийдің ірі қазаншұңқырларына кімдердің есімі берілген ? Меркурийдегі магнит өрісі қанша ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Ғаламшардың қарайған аймақтары қуаң дала деп аталған және оларға Гермес жөніндегі ежелгі грек мифологиясындағы есімдермен байланысты. Меркурий — рим мифологиясы бойынша аталған. Афродита қуаң даласы, Атлант қуаң даласы, Гермес қуаң даласы және т.б. деп ат қойылған. Ай теңізіне ұқсайтын дөңгелек пішінді жеті ойпат тегістік деп аталады. Олардың алтауының көлемдері 600 км-ден 980 км-ге дейін, ал жетіншісінікі — 1300 км-ге жетеді. Ол Аптап жазығы делінеді. Өйткені Күн сәулесінің неғұрлым күшті қыздыратын аймағында орналасқан.

Халықаралық келісім бойынша Меркурийдегі ірі қазаншұңқырларға гуманитарлық ғылым мен өнер саласына еңбек сіңірген қайраткерлердің есімдері берілген. Олардың ішінде Лермонтов, Низами, Пушкин, Репин, Чайковский, Чехов, Шевченко және басқа есімдері бар.

Ғаламшар фазаларының анық ажыратылуы, бет-бедері мен таулары көлеңкесінің анық та айқын көрінуі Меркурийде атмосфераның жоқтығын дәлелдейді. Жерден жасалған радиолокациялық бақылау Меркурийдің ілгері қарайғы бағытта P = 58,65 жер тәулігі мезгілінде бір айналып шығатынын тұжырымдады. Бұл оның Күн төңірегіндегі айналым мерзімінің дәл үштен екісіне тең. Ғаламшардың айналу мерзімі оның жұлдыздық тәулігінің ұзақтығын көрсетеді. Ол күндік тәуліктен күн мен түннің ұзақтығынан немесе екі талтүс аралығындағы уақыттан әжептеуір өзгеше.

Ұзақ күнде ғаламшардың экваторлық аймағының беті 480 С-қа дейін, ал қоңыржай аймағында — 340 С-қа дейін қызады. Түнде ғаламшар беті — 180 С-қа дейін суиды.

Меркурийдегі магнит өрісі Жердікінен 150 есе аз екені анықталды. Магнит өрісінің болуы ғаламшардың орташа тығыздығымен астаса отырып, онда тығыз темір ядросының бар екенін дәлелдейді. Оның кесекөлденеңі ғаламшардың 0,75 диаметріндей. Яғни 3660 км шамасында. Ғаламшар қыртысының қалыңдығы 600 км-ге жақын. Ғаламшар радиосәулесі көп емес. Меркурийдің серігі жоқ.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий