Марсты зерттеген қандай ғалымдар ? Олар айтқан тұжырымдар қандай болған ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.
Марсты зерттеуші американдық астроном П.Ловелл (1855-1916) мен бұрынғы кеңес астрофизигі Г.А. Тихов (1875- 1960) Марстың бетіндегі қарайған аймақтарды жазда гүлдеп, күзде солатын өсімдіктер басып жатыр деп жорамалдады. Шындығында Марста су бассейндері жоқ, бірақ ылғал, Г.А. Тиховтың пікірінше, өсімдіктерге топырақ асты қабатынан, оның қорынан келуі мүмкін.
Аса таза Жер атмосферасы жағдайында кейбір бақылаушылар шағын телескоп арқылы Марстың 1877 жылғы ұлы қарсы тұруы кезінде италия астрономы Дж. Скиапрелли (1835-1910) ашып, каналдар деп атаған еді. 1965-1977 жылдары Марсты зерттеу жұмысы кеңестік және американдық станцияларында жүргізілді. Олардың кейбіреулері Марстың жасанды серіктеріне айналды.
1974 жылдың наурызында Марстың жанынан ұшып өткен бұрынғы кеңестік «Марс — 6» ғарыш кемесінен құлдилау аппараты бөлінді. Ол баяу қалықтап қызыл ғаламшардың бетіне түсті және адамзат тарихында алғаш рет оны зерттеуге арналған ғылыми приборларды жеткізді. Марстың бетіне сол сияқты «Викинг — 1″(1976 жылы шілденің 20-нда) және «Викинг -2» станцияларынан бөлінген блоктар жеңіл қонды.