0 комментариев

Кометалардың массасы қанша ? Күн төңірегіндегі кометалардың формасы қандай ? Кометалардың ядросының құрамы неден тұрады ? Кометаға айналу процесі қалай жүреді ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Кометалар – астериодтарға қарағанда Күн системасының массасы аз денесі. Олардың ең үлкенінің массасы Жер массасынан миллиард есе аз. Күн төңірегінде кометалардың қозғалыс орбиталары көпшілігінде өте созылған элипсойд, тіпті парабола формалы болып келеді. Олардың айналу периоды көптеген миллион жылда жетуі мүмкін. Орбитаның жазықтығы күн орбитасының жазықтығына концентрацияланбайды, қозғалыс түзу, әрі керісінше болуы мүмкін.

Кометаның қатты ядродан және сиретілген газбен қоршалған – комадан тұратын басы, ал тозаң мен газдан түзілген құйрығы (кометада бірнеше құйрық болуы мүмкін ) айқын байқалады. Кометалар ядросы қатты бөлшектер қосылған түрлі заттардың (су, метан, аммиак, көмір қышқыл газы және басқалар)мұз сеңінен тұрады. Ондай мұз сеңдері, Күннің тартылыс күш сферасына тап болып, әр түрлі элиптикалық орбиталар бойынша дүние кеңістігінде қозғалыста болады және оның не басы, не құйрығы жоқ «потенциальды» комета атанады.

Үлкен планеталардың тартылыс күшінің нәтижесінде орбитасын өзгертіп, Күнге жақындағанда ғана олар нағыз комета болады. Ядродан бөлініп шыққан газ бен тозаңнан құйрық пайда болады, ол барлық уақытта миллиардтаған километрге созылып, Күнге қарсы жаққа бағытталады. Күнге жақын әрбір ұшқан сайын кометаның ядросы газ бен тозаңнан айырыла береді. Ірі метеоридпен кездесу кометаның бұзылуы процесін тездете түседі. Ыдыраған кометалар кометаның орбитасы мен қозғалысын жалғастыратын метеорид ағындарын түзеді.

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий