0 комментариев

Күн системасындағы тіршілік дегеніміз не ? Оның температурасы қандай ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Күн системасындағы тіршілік. Көмір сутегі қосындысына негізделген тіршіліктің түрлерін дамыту үшін планеталардың күн жылуын қолайлы мөлшерде алатын Күн системасының кеңістігін кейде Күннің экосферасы деп те атайды. Планеталарда экосферадағы температура +80º С-тан жоғары және -70º С-тан төмен болмауы керек. Экосфера Күннен шамамен 92-ден 275 млн. км шамасында созылады. Планеталар осы шек сыртында бізге белгіле өмір тіршілігі пайда болып дамуы үшін күн жылуын не көп, не мүлде аз алады. Экосфера шекарасы тұрақты болмайды, Күн активтілігіне байланысты біресе кеңейіп, біресе тартылып отырады.

Күннің экосферасының қазіргі шегіне Күн системасының үлкен 9 планетасының 3-уі – Шолпан, Жер және марс кіреді. Шолпан экосферасының ішкі шекарасына жақын орналасқан, ал Марсоның сыртқы шекарасынан қашық емес. Ең қолайлы жағдайда жер орналасқан, сол себептіде мұнда тіршіліктің жоғары түрі дамыған.

Экосферада планетаның орнына басқа онда тіршілік дамуы үшін оның мөлшері, массасы, атмосфераның құрамы, ішкі жылудың маңызы бар.

Жердегі сияқты ұқсас жағдай басқа да жұлдыздар системасы планеталарда болуы ықтимал, олай балса онда да тіршіліктің жоғары түрі дамуы мүмкін. Тіршіліктің бізге белгісіз түрі болуы және ол жер жағдайынан мүлдем басқаша болуы да ғажап емес. Экосфера сыртында орналасқан үлкен планеталарда күн жылуының жеткіліксіздігі ішкі жылумен де компеосациялануы мүмкін. Егер сусыз өмір сүруге болған жағдайда, төменгі температурада қатып қалатындықтай оның құрамын ауыстыруға келетін болса, өмірді дамыту үшін төмен температура кедергі жасамауы да мүмкін.

Метеориттерде байқалатын органикалық қосылыстар (жоғары молекулалыкөмір сутегі,желдің озокерит көмір сутегі сияқты оттегі бар органикалық қосылыстар) күн системасының басқа планеталарында тіршіліктің болмауы үміттендіреді, бірақ Күн системасының көлемінде жоғары дамыған тіршілік жерде ғана екендігі күмәнсіз.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий