0 комментариев

Күн системасы туралы ғалымдардың болжамы қандай болған ? Осы системаның дамуына үлес қосқан ғалымдар ?  Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz айтынан оқи аласыз.

Күн системасының шығуы туралы қазіргі түсінік. Иммануил Кант (1755ж.) Күн системасы салқын тозаң тұмандығы эволюциялық дамыған кезде пайда болады деп санаған. Француз математигі Лапластың (1796) болжауынша ең алғашында тұмандық газды болған, өте ыстық жене тез айналып тұрған, сонымен бірге одан сақиналар – болашақ планеталар (олар Күннен бұрын пайда болған) бөлініп шыққан. Кант пен Лаптастың гипотезасы қазірде ғылыми маңызын жойған жоқ.

Планета системасының шығуы туралы түсінікті дамытуда О.Ю. Шмидтің және оның ізбасарларының еңбектері зор үлес қосты. Суық газды тозаңды бұлттан планета системасының қалыптасу процесі жалпы алған да жеткілікті негізделген.

Айналымы газды тозаңды бұлттың бірінші кезегінде тозаңды бөлшектер мен планеталардың аралығында салыстырмалы ірі денелер пайда бола бастады. Жеңіл газды молекулаларға қарағанда жылдамдығы өте баяу тозаңдар айналып тұрған бұлттың орталық жазықтығына топтаса түседі. Бірте – бірте тозаңдар аралықтары азайып, өзара тартылыстары артады, бұлттың қозғалысы бағытында Күн төңірегінде айналып жүрген тозаң бөлшектері қоюлана түседі.

Уақыт озған сайын қоюланған тозаңдар салыстырмалы ірі денеге айналады – кіші планета – астероидтар пайда болады. Ең ірі денелер ұсақ денелерді өзіне тартып отырып, бірте – бірте мөлшері ұлғайып үлкен планетаға айналады. Мұнымен бірге ауырлық күшінің әсері мен планета заттарының гравитациялық қайта бөлінуі жүзеге асты.

Басында оның мөлшерінің салыстырмалы тез артуы бұлттан тартқан заттардың қосылуы есебінен болады. Кейін де планеталардың «өсуі» жалғасты, бірақ ол баяу және оның бетіне жіктелдей түскен заттар есебінен болып отырады.

Сандық есептері Жер қазіргі массасының 200 млн жыл шамасында жеткенін көрсетеді. Осы периодтың аяғында планета температурасы шамамен +1300º С болған, бірақ беті суық еді. Кейін радио активті ыдыраудан бөлінген жылуы есебінен қызып планета қойнауындағы заттар балқып, химиялық дифференциаланды.

Протопланеталық бұлт тозаңының көптілігі күн сәулеленуі үшін мөлдірлігі аз болып келеді. Сондықтан Күнге таяу орналасқан бұлттың бөлігі күшті қызады да, ал күннен алыста жатқан бөлігінің температурасы өте төмен болады.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий