0 комментариев

1891 жылы қанша астериодт табылды ?  Астероидтың табудың фото түсірімдік әдісін кім ұсынды ? Астероидтың басым көпшілігі қай жерде орналасқан ? Оларға қандай есімдер берілген ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

1891 жылы көзбен бақылау әдісімен 320-ға жуық астериодтар табылды.1891 жылы неміс астрономы М.Вольф іздеудің фото түсірімдік әдісін ұсынды. Фото түсірімдік әдістер астериодтарды көптеп ашуға мүмкіндік тудырды. Бүгінде кіші ғаламшарды белсенді түрде іздеуде. Орбиталары анық есептелінген астероидтарға ат қойылады және реттік сан беріледі. Бүгінде ондай астероидтардың 3500-ден астамы белгілі. Бірақ Күн жүйесінде олардың саны анағұрлым көп.

Белгілі астероидтартың басым көпшілігі Марс пен Юпитер орбиталарының арасында табылды. Оларға грек мифологиясынан алынған ерлердің есімі берілген. Бұл кіші  ғаламшарлардың әуелгі үшеуі астероидтар белдеуінен тыс қозғалады. Оның үстіне Икар перигелийінде Күнге Меркурийден екі есе жақын екен. Ал Гермес пен Адонис — Шолпаннан да жақын келеді. Олар Жерге 6 миллионнан 23 млн километрге дейін жақындай алады. Гермес 1937 жылы тіпті Жерден 580 мың шақырым қашықтықтан, яғни Айдан бір жарым есе алыстан өтті.

Гидальго афелийінде Сатурн орбитасының арғы жағына кетеді. Бірақ бас-аяғы жалғыз Гидальго емес. Соңғы жылдары перигелийлері Жер тобына жататын ғаламшарлар орбиталарына, ал афелийлері Юпитер орбитасына жақын орналасқан 10-ға жуық астероидтар ашылды. Мұндай орбиталар Юпитер әулетінің құйрықты жұлдыздардың түпкі тегі бірдей деген ойға меңзейді.

Қалған астероидтардың орбиталары үлкен ғаламшарлардың, негізінен, Юпитердің гравитациялық тартылысы әсерінен елеулі ұйытқуларға ұшырайды. Әсіресе шағын астероидтар күшті әсерге ұшырап жатады. Соның нәтижесінде олар бір-бірімен соқтығысады. Әр түрлі көлемдегі — кесе көлденеңі жүздеген метрден майда тозаңға дейінгі мөлшерде бытырап кетуге әкеліп соғады.

Қазіргі уақытта астероидтардың физикалық табиғаты мұқият зерттелуде, өйткені ол бойынша біздің Күн жүйеміз құрылған заттардың эволюциясын білуге болады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий