Астероидтың түрлері туралы қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.
Көптеген астероидтардың жарық шағылдыру қабілетіне қарап оларды үш негізгі топқа: қоңырқай, қылаң және металды деп бөлуге мүмкіндік туды.
Қоңырқай астероидтардың беті оған түсетін Күн жарығының бар болғаны 5%-ін ғана шағылдырады.
Олар қара базальтты және көмір тектес жыныстарға ұқсас заттардан тұрады.
Бұл астероидтарды көмір тектес деп жиі атайды. Қылаң астероидтар Күн жарығының 10-нан 25%-іне дейін шағылдырады.
Бұл оның бетін кремнийлік қосылыстармен жақындастырады. Бұл тас астероидтар.