0 комментариев

Астероидтар тарихы ең алғаш ашқан ғалым ? “Астероид” қандай мағына береді ? Оның орташа гелиоцентрлік қашықтығы қандай ережеге сәйкес болды ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

1781 жылы Уран ғаламшары ашылғаннан басталды. Оның орташа гелиоцентрлік қашықтығы Тициус-Бодэ ережесіне сәйкес болып шықты.1789 жылдан бастап осы ережеге сәйкес Марс пен Юпитердің орбиталары аралығында болуға тиісті ғаламшарды іздеу басталды. Бірақ аспанды жеке дара шолу жетістік әкелмеді. Сондықтан 1800 жылы қыркүйектің 21-інде К.Цахтың бастауындағы бірнеше неміс астрономдары ұжымдық іздеуді ұйымдастыру шешімін қабылдады. Олар зодиактік Шоқжұлдыздар белдеуін 24 үлеске бөлді. Оларды мұқият зерттеу мақсатында өзара бөліп алды. Бірақ олар жүйелі іздеуге кіріспеді.1801 жылы қаңтардың бірінде итальян астрономы Дж.Пиации Торпақ шоқжұлдызы бойымен баяу орын ауыстырған 7-жұлдыздық шамадағы жұлдыз тектес объектіні телескоппен тапты.

К.Гаусс есептегенде объектінің орбитасы ғаламшардың орбитасындай,Тициус-Бодэ ережесіне сәйкес болып шықты. Жаңадан ашылған ғаламшарды Пиации Церера деп атады. 1802 жылы наурыздың 28-інде неміс дәрігері және астрономы В.Ольберс Церера маңынан тағы бір ғаламшарды ашты. Ол Паллада деп аталды.1804 жылы қыркүйектің 2-інде үшінші ғаламшар Юнона, ал 1807 жылғы наурыздың 29-ында төртінші Веста ашылды. Барлық  жаңадан ашылған ғаламшарлар жұлдызға ұқсас, жиексіз болғандықтан олардың геометриялық өлшемі шағын екені анықталды. Сондықтан бұл аспан  денелерін кіші ғаламшарлар немесе В.Гершельдің ұсынысы бойынша астероидтар(гректің «астер»-жұлдызды және «еидос» — түр деген сөзінен алынған) деп атады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий