ҚӘУЗ- бен зақымданудың химиялық ошақтарының сипаттамасы туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.
Аммиакпен зақымдану ошағы- тұрақсыз, жылдам әсер етеді. Ошақтағы аммиактың агрегаттық күйі – газ, аэрозоль. Зақымдаушы мөлшері-15 мг/мин/л, ең қауіпті мөлшері 100 мг/мин/л.
Алғашқы медициналық көмек- зақымдану ошағында өз-өзіне және өзара көмек тәртібімен жүргізіледі:
көзді алюминий- калийдің 0,5 % ерітіндісімен немесе бор қышқылының 2% ерітіндісімен жақсылап шаю
газқағар немесе 5 лимон қышқылы ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу;
тамшы теріге тиген кезде оны сумен жақсылап шаю, ТЖ және АҚ органдары нұсқауы бойынша желге қарсы бағытта зақымдану ошағынан шығу;
аммиак бумен зақымданушыны тыныштық күйде күту керек.
Хлормен зақымдану ошағы– тұрақсыз, жылдам әсер етеді. Ошақтағы күйі газ тәріздес. Негізінен тыныс жолдары арқылы зақымдайды. Зақымдаушы мөлшері – 0,6 мг/мин/ л, ең қауіпті мөлшері 6,0 мг/мин/л.
Хлор – өткір иісті газ, ауадан 2,5 есе ауыр.
Алғашқы медециналық көмек:
көзді сумен шаю;
газқағар немесе 2 % тамақ содасы ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу;
терінің зақымданған жерлерін у тамшысы болса, сабын ерітінді әндісімен шаю;
хлор буымен зақымданушыны зембілбен алып кетеді.